Бұл қызметке халық қалаулыларының 75 пайыз дауысын жинаған Амангелді Тоғызбаев сайланды.
Өңірдегі 13 депутаттың 12-сі қатысқан сайлаудың қорытындысында халық қалаулыларының 75 пайызы кандидат Амангелді Тоғызбаевқа, ал 17 пайызы кандидат Наталья Хайранбаеваға, 8 пайызы Замир Мырзағалиевке өз дауыстарын берді.
Сөйтіп Амангелді Тоғызбаев Ақсай қаласы әкімі болып сайланды.
Амангелді Тоғызбаев1964 жылы 21 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Еңбек жолын К.Е.Ворошилов атындағы Орал машина құрылысы заводында үшінші деңгейлі маман болып бастаған. Әр салада басшылық қызмет еткен Амангелді Кәрімұлы Теректі аудандық мәслихатының экономика бөліміне жетекшілік етті. 2007- 2014 жылдар аралығында Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 2014 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытка дейінгі мерзімде Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Айым НҰРҒАЛИЕВА
Бөрлі ауданы