2.09.2022, 15:30
Оқылды: 93

Ақсай қаласының 55 жылдығына арналған шаралар басталды

Бүгін Бөрлі аудандық музейінде Қала күніне және Қарашығанақ кен орыны (бұдан әрі ҚПО б.в) өнімін бөлу туралы келісімге қол қойылғанына 25 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. 

23725e41-6428-4e88-80cf-25c0ee7ab1c7

Шараға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев, БҚО тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев және компанияның қауіпсіздік және өндірістік қатынастар бөлімінің басшысы Ильдар Имашев, компания кәсіподақ комитетінің төрағасы Марс Хайруллин қатысты. Алдымен олар дәмнен ауыз тиіп, музей залдарын аралады.

37364ee4-68ed-4520-84a0-4f155abab5ec

Шара аясында ҚПО б.в. компаниясы аталған кен орынын ашушы көрнекті тұлға - Сухан Камаловтың портретін музейге тарту етті.

Сухан Мақсұтұлы - Қазақстан Республикасы Академиясының инженері. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін бітірген ол кәсіби тұрғыда  ҚР геология және табиғатты қорғау комитеті төрағасының бірінші орынбасарына дейін көтерілген. 1985 жылы жаңадан ұйымдастырылған «Оралмұнайгазгеология» мұнай-газ барлау бірлестігінің бас директоры болып тағайындалады. Осы кезде Қарашығанақ кен орыны ашылады.

- Аудандық музейдегі Қарашығанақ залында Сухан Мақсұтұлының портретінің де болуы құптарлық іс деп ойлаймыз. Сол себепті де мереке қарсаңында етуді жөн көрдік. Біз үшін ғана емес, бұндай тұлғалар облыстық, жалпы елдің мақтанышы деді өз сөзінде Марс Амантайұлы.

14264f40-7ff0-4950-891e-bd9e9876ba84

Жиналғандар өз ретінде сөз алып, лебіздерін білдірді. Сонымен қатар ҚПО б.в. компаниясының өкілдері музей қорына Қарашығанақ кен орыны туралы кітаптар табыс етті.

Айта кетейік, қаламыздың 55 жылдық мерейтойына арналған шаралар 2 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтеді.

Сәнім Меңдібай, 

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале