25.05.2018, 15:39
Оқылды: 20

Ақсай қаласының № 8 орта мектебінде соңғы қоңырау соғылды

Соңғы қоңырауды тағатсыздана күткен балалардың көңілі толқып тұрғаны айтпаса да түсінікті болды. Мерекелік көңіл-күй орнаған шарада ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылды. «Нұр отан» партиясының аудандық филлиалының төрағасының орынбасары Малика Махауова түлектерге өзінің ыстық ықыласын білдіріп, үлкен өмірге қанат қағып, аңсаған армандарына қол жеткізулеріне тілектестігін білдірді.

Салтанатты рәсімде оқу жылының қорытындысы сараланып, озат оқушылар мен ұстаздардың жетістіктері баса айтылды. Мектепішілік «Үздік сынып – 2018» байқауы бойынша 7-сынып марапатталды.

Аида ТЕМІР

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале