Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Қала күні қарсаңында Ақсай шаhарының орталығында көк аспанмен теңескен көк байрағымыздың тұғыры орнатылды. Тудың биіктігі – 50 метр.
Бүгінгі ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Миржан Сатқанов: "Ұлтымыз үшін Тәуелсіздік қандай қымбат болса, мемлекеттік рәміздер де біз үшін сондай қастерлі.
Елдігімізді таныту, абыройды асқақтату – қастерлі құндылықтарды қорғай білумен өлшенбек. Биыл Тәуелсіздігімізге – 30 жыл. Осынау мерейлі датаны тойлаумен қоса Мемлекеттік рәміздерді төрге оздыру – баршамыздың міндетіміз болуы тиіс" - деді.
Мемлекеттік гимн орындалған сәтте көк туға қарап бой түзегендер "Туған жерім менің – Қазақстаным!" деп қосыла шырқап, "Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді" деп тұрғандай әсер қалдырды.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz