6.03.2017, 11:29
Оқылды: 39

Ақсайда әйелдер арасында дәстүрлі спартакиада өтті

Screenshot_2017-03-06-20-46-14-1Халықаралық әйелдер күніне орай Ақсайда әйелдер командалары арасында дәстүрлі спартакиада өтті.


Волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, ату спорты, дойбы, жүзу, бес асық, қол күресі, арқан тарту, қашпа доп спорт түрлерін қамтыған спартакиадаға қала мектептері мен ауданға қарасты ауылдық округ командалары өз бақтарын сынады. Спартакиадаға 16 жастан жоғары қыздар мен әйелдер қатысты.

Ашылу салтанатына «Ақсай» спорт кешенінің директоры И.Қарабаев, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Исановтар қатысып, жарыста сөз алған ардагер спортшы Айтбай Тастайбеков әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады.

Сондай-ақ 2016 жылғы рейтинг бойынша өнегелі ойынымен, жұмысымен көзге түскен аудандық дене шынықтыру мен спорт бөліміне қарасты ауылдық округ пен қала мектептеріне дипломдар табысталды.

Атап айтсақ, мектептер арасында ІІІ орынды №1 ЖОББМ, ІІ орынды №2 ЖОББМ, І орынды №3 ЖОББМ иемденсе, ауылдық округтер арасында ІІІ орынға Александров ауылдық округі, ІІ орынға Қарағанды ауылдық округі, І орынға Бөрлі ауылдық округі жайғасты.
Ал спартакиада нәтижесі бойынша, 13 команданың ішінен суырылып алға шыққан №3 ЖОББМ І орынды жеңіп алды, №6 ЖОББМ ІІ орынды еншіледі, Бөрлі ауыл шаруашылық колледжі үздіктер үштігін тұйықтады.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале