15.03.2026, 10:00
Оқылды: 12

Ақсайда “Алтын алқа” иегері, тыл ардагері референдумға қатысуда

Бүгінгі референдумда өз дауысын беру үшін №91 учаскеге “Алтын алқа” иегері Гүлжан Мухамедеева келіп, өз таңдауын жасады. 89 жастағы Гүлжан әжеміз 10 құрсақ көтерген батыр ана.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 10.22.00

- Бүгінгі референдумда халқымыз еліміздің болашағы үшін дауыс беруде. Әр адам өз құқығын білуі тиіс. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - дейді тыл ардагері.
“Алтын алқа” иегері Гүлжан әжеге комиссия мүшелері арнайы сыйлықтарын табыстады.
Қазіргі уақытта №91 референдум учаскесінде 300-ден аса тұрғын өз дауысын беріп үлгерді.

 

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале