Ақсайда «Домбырам – асыл мұрам» атты ардагерлер арасында домбыра party өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараға Ақсай қаласының белсенді жастары ардагерлерді құрметтеп, саябақта домбыра тартып, ән шырқауға шақырған.
-Аптаның әр бейсенбісін ардагерлерге арнап, әртүрлі ұлттық құндылығымызды жастарға насихаттайтын шаралар ұйымдастырып тұруды жөн көрдік, - дейді «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ә.Сарбөпеева.
Аталмыш шараға домбырасын арқалай келген 20-ға жуық қария қатысты.
Шара шымылдығын Мұхит Мералыұлының шөбересі Асия Мұхитова Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол!» күйімен ашып, ары қарай өзге қатысушылар ән-күймен жалғай түсті.
Сәнім МЕҢДІБАЙ,
Бөрлі ауданы