Бөрлі ауданында Мансап орталығы, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Ақсай техникалық колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен Ақсай техникалық колледжінде «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңке «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай ұйымдастырылған.

Жәрмеңкеге «Ақсайгазпромэнерго» АҚ, IQ007 орталығы, Ақсай қаласының №5 «Ертегі» бөбекжайы МКҚК, Консорциум «ISKER» ЖШС-нің Ақсай қаласы бойынша филиалы, аудандық демалу орталығы МКҚК, «Ақсайжылқуат» КММ, «Конденсат» АҚ, «КазПродждект» ЖШС, «Каспиан Инжиниринг» ЖШС, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, «Ақсай техникалық колледжі» МКҚ, аудандық «Төтенше жағдайлар бөлімі», «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» өкілдері және БҚО Кәсіпкерлік палатаның Бөрлі ауданы бойынша филиалының директоры Р. Мамбеталиевтер қатысты.
Жәрмеңкеде мекемелер алғашқы әскери дайындық жетекшісі, электрик, архивариус, сантехник, асхана меңгерушісі, электромонтер, газ-электр дәнекерлеуші, лаборант, қазандық операторы және тағы басқа мамандықтар бойынша өзіндегі бос жұмыс орындарының тізімін ұсынды.

Жәрмеңкеге аудан тұрғындары және колледж студенттері де қатысып, жұмыстың талаптары бойынша ақпарат алды.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы