26.05.2017, 17:32
Оқылды: 37

Ақсайда «Дін және әйел» атты семинар өтті

 Borli din jane ayel   Бөрлі ауданының «Парасат» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық брлестігінің ұйымдастыруымен Ақсайда қазіргі заманның өткір мәселесіне айналып отырған «Дін және әйел» тақырыбында аудандық семинар өтті.


       Онда Ислам дініндегі әйелдің орны, қазіргі қоғамымызда пікірталасқа түсіп жүрген әйелдерге қатысты діни жағдайлар жайы талқыға салынды. Аталмыш семинарға  Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің ұстазы, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Әйел, қыздар» секторының жауапты мүшесі Гүлжамила Ахметова, Теректі ауданының теолог маманы Альбина Нұрғалиева, «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениет университетінің ІІ курс студенті Айдынгүл Серғазы және т.б. қонақтар қатысты. Алдымен сөз алған Гүлжамила Ермахамбетқызы әйел адамның отбасындағы рөлін, сондай-ақ қыз балалардың мәселесін де тыс қалдырмай атап өтті.

     «Қазіргі таңда отбасы мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналған. Неге десеңіз бүгін де отбасының бақытты болуы, оның сақталып қалынуы, салауатты өмір салтын жүргізуі тым қиындап кеткені шындық. Осының барлығының негізгі түп-тамыры әйел баласының мінез-құлқының, жүріс-тұрысының, өмірге көзқарасының өзгергеніне байланысты сияқты. Тек әйелдер ғана емес оларға деген қоғамның көзқарасың да өзгеруі арқылы әйел де өзгеріп отыр, ал әйел өзгерген соң отбасы да, артынан қоғам да өзгеріске ұшырады. Өйткені отбасының түп қазығы, тамыры, өзегі осы әйелдің қолында десек артық айқандық болмас. Ертеңгі ел басқарар ел басы да, өнерші де, қойшы да ақжаулықты ананың қолында тәрбиеленіп жетіледі, бой түзейді» - деді Гүлжамила Ахметова.

         Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале