9.10.2025, 12:45
Оқылды: 89

Ақсайда қамкөңіл жандарға жылу сыйлаған шара өтті

Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен, “Жас қанат” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтендіру жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық шарасы өтті.

WhatsApp Image 2025-10-09 at 13.28.13

Мейірбандық айлығы аясындағы бұл шарада аудан әкімінің орынбасары А. Тоғжанов бастап сөз алып, кейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О. Басимова, “Жас қанат” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Исламғали жиналғандарға ізгі тілектерін жеткізді.

WhatsApp Image 2025-10-09 at 13.28.12

Шара барысында қамкөңіл жандарға дастарханнан дәм ұсынылып, елдің сәлемі ретінде шағын концерт қойылды. Сондай-ақ шақырылған жандар өздері де өнер көрсетіп, ортада көңілді би биледі.

WhatsApp Image 2025-10-09 at 13.28.14 WhatsApp Image 2025-10-09 at 13.28.13 (1)

Әдемі етіп тізіле қойылған өз қолдарынан шыққан қолөнер көрмесі де шара көркіне көрік қосып тұрды. Қайырымдылық шарасы түстен соң Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жалғасады.

 

 

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале