10.11.2025, 17:15
Оқылды: 226

Ақсайда қоғамдық монша ашылды

Бөрлі ауданында кәсіпкерлік нысандарының қатары артып келеді. Мәселен, аудан орталығында апта дүйсенбісінде заманауи үлгіде қоғамдық монша ашылды. Ашылу салтанатына Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов және кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Нұргүл Құбашева қатысты.

f6911405-9971-475f-a152-f16b0094b77f

Жиналған аудан тұрғындарымен бірге, лента қиылып, монша ішін аралап танысты.

a22b6448-539d-419a-a4b8-b71af86b67e0

Бұл монша құрылысын кәсіпкер, осы тазалық кешенінің басшысы Азамат Тілеуғалиев өз қаражатына тұрғызған.

922cb32c-7832-4880-8077-4379755002f2

«Сиымдылығы 100 адамға дейінгі кешенімізде үлкен жуыну залы, бу залы, массаж, пилинг, бассейн бар. Халыққа қол жетімді бағада күндізгі 11.00-ден кешкі 23.00-ге дейін жұмыс жасаймыз», - дейді кешен басшысы.

679c7152-9773-4a1e-b1e5-dd11cf97f5e1

Өзіміз көргендей, кешенде келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы киініп-шешінетін бөлмеде смарт-кілтпен жабылатын шкафтар қойылған. Моншадан кейін ыстық шай ішіп, ауқаттанып демалуға да жағдай қарастырылған.

Сонымен бірге жаңа кешен 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нысанның жұмысымен танысқан қала басшысы кәсіпкердің бастамасына сәттілік тіледі.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале