Биыл Наурыз мерекесін ерекше тойлау жоспарланған.
«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында ұлыстың ұлы күнін тойлау он күнге созылмақ. Бөрлі ауданында мәдени шаралар жыл жаңарған уақыттың алғашқы дәстүрлі мерекелерінің бірі –Көрісу айт мерекесін тойлаудан басталды.
«Көрісу күні» аясында ақын, қолөнерші Дәмелі Құсайынқызына арнайы барды. Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ансар Дюсенов пен аудандық демалу орталығының өнерпаздары аудан ардагерін «бір жасымен» құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде ауданның ақын анасы батасын беріп, ризашылығын білдірді.
«Көрісу күні» мерекесін тойлау аудан өнерпаздары «Көрісу-Vibe», «Көрісу-Like» шарасымен жалғасты.
Ақсайлықтарға мереке мезіретін сыйлау мақсатында мәдениет қызметкерлері сауда орындарын аралап, көрісу айтымен құттықтады.
Дәстүрлі өнерді ұлықтаушы Мұхит Бранұлы, Қаракөз Әбділдаева мен Жаңыл Чугировалар әннен шашу шашса, бөрлілік жас өнерпаздар қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, сыйлық сыйлады.
Аслан Нұразғали,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz