22.10.2025, 12:30
Оқылды: 244

Ақсайда «Мерген ару – 2025» атты турнирі өтті

Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-де 10-11 сынып қыздары арасында “Мерген ару - 2025” атты пневматикалық мылтық атудан аудандық турнир өтті. Шара оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-спорттық даярлыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды. Аталған жарысқа ауданымыздың 10 мектебінен 20 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Әр мектептен екі қатысушы жекелей сынға түсіп, өздерінің мергендік шеберліктерін көрсетті.

Мерген ару (1)

Байқаудың ашылу салтанатында бас төреші, Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің әдіскер Рима Бекмұхамбетова мен жарыстың бас хатшысы, Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-тің АӘТД пән мұғалімі Нұрбол Ибрашевтар қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Мерген ару (2)

Мергендер сайысының қорытындысы бойынша №3 ЖОББМ-тің 11-сынып оқушысы Мадина Жақсылықова оқушылар арасында озат атанып, І орынға ие болды. Ал №3 ЖОББМ-тің 10-сынып оқушысы Камила Утароваға кішкене ғана сәттілік жетіспей, ол жүлделі ІІ орынға тұрақтады. Үздік үштікті №4 ЖОББМ-тің 11-сынып оқушысы Томирис Бектаева мен №5 ЖОББМ-тің 11-сынып оқушысы Айлина Айымжановалар қорытындылап, жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Сондай-ақ, №4 ЖОББМ пен Бөрлі ЖОББМ-тің 10-сынып оқушылары Дария Қасымова мен Зарина Утешевалар “Көрермен көзайымы” номинациясының иегерлері атанды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале