25.02.2025, 10:45
Оқылды: 152

Ақсайда облыстық ашық сабақтар шеруі өтті

Ақсай қаласының №4 ЖОББ мектебінде облыстық «Сапалы білім - сапалы сабақтан» атты ашық сабақтар шеруі өтті. 

Байқау мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибелерімен насихаттап, білім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Мұндай шаралар мұғалімдерге өз тәжірибелерін бөлісіп, жаңа әдістерді сынап көруге мүмкіндік береді. Ұстаздар бір-бірін жаңа әдіс-тәсілдерге үйретіп, бөлісу арқылы білім беру процесін одан әрі жақсартуға ықпал етеді.

Ашық сабақтар шеруіне Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығы білім сапасын басқару және менеджмент бөлімінің басшысы Жеңіскүл Нарикова мен Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Альбена Қуатова қатысып, ұстаздарға сәттілік тіледі.САПАЛЫ БІЛІМ

Қатысушы ұстаздар 2 айналым бойынша сынға түсіп, тәжірибелерімен бөлісті. Бірінші кезең «Педагогтің шеберлік сағаты» яғни, сабақ беру, ал екінші кезең «INNOVATIONS&IDEA» инновациялық идеялар шеруі деп аталды.

Облыстық «Сапалы білім - сапалы сабақтан» атты ашық сабақтар шеруіне ауданымыздың ұстаздары да қатысып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтын Кулакова, №6 МЛ-дің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айнагуль Зиинова және Бөрлі ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Әскер Байниязовтар II орындарға ие болды. Ал Пугачев МББК-нің химия пәні мұғалімі Калиса Махметова жүлделі ІІІ орынға, Пугачев МББК-нің физика пәнінің мұғалімі Баян Бимағамбетова «Креативті сабақ» аталымына ие болды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале