Ақсайда Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.
Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне биыл 26 жыл толады. Ел қорғаны болар айбынды азаматтарымызды аудан әкімі Алдияр Халелов құттықтады.
Салтанатты шара барысында Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Ернар Абдрахманов сөз алып, Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көрсеткен ерекше қамқорлығы үшін Бөрлі ауданының әкімі А.Халеловті «Әскери комиссариатқа 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.
Сонымен қатар бөлім басшысы жас ұрпақты, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде сіңірген еңбегі үшін аудан әкімінің орынбасары Жанабай Каналин, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы подполковник Дәурен Утегуловтерді «Әскери комиссариатқа 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.
Айым НҰРҒАЛИЕВА
Бөрлі ауданы