Ақсай қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын тапты. Сәуір айының 1-30 сәуір күндері аралығында аталған акция аясында қаламызда «Таза қала» тазалық айлығы бастау алған еді. Осыған орай аудан аумағында жұмыс жасайтын компаниялар да қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосуда.

Атап айтсақ, «KMG Parker Drilling Company» ЖШС қаламыздың 13 шағынауданының аумағын қоқыстан тазалады. Акцияға компания басшылығы мен барлық қызметкерлер шығып, тазалық жұмыстарын атқарды. Сондай-ақ жергілікті қызметкерлерден бөлек, компанияның шетелден келген қызметкерлері де «Таза Қазақстан» акциясына қатысты.

- Мен Қазақстанда бірнеше жылдан бері жұмыс жасаймын. Маған мұнда тазалық пен абаттандыруға аса көңіл бөлінетіні ұнайды. «Таза қала» сияқты акциялар тұрғындарды біріктіріп, олардың қоршаған ортаға деген мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Шотландияда да экологиялық акциялар өткізіліп тұрады. Алайда маған Қазақстанда осындай акциялардың ауқымды түрде өтетіні ұнайды, - дейді «KMG Parker Drilling Company» ЖШС-ның операциялық менеджері Ирвин Кайл.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері де акция аясында қаламыздың оңтүстік бөлігін тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы