30.09.2025, 17:15
Оқылды: 149

Ақсайда тегін консультациялық қызмет көрсетілді

Ақсай қаласының “Трнава” сауда орталығының алдында “Жастарға кеңес” жобасы аясында тегін консультациялық қызмет көрсету шарасы оздырылды.

Жастарға кеңес (2)

Аталған шара "Жұмысшы мамандықтар жылына" орай аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

“Жастарға кеңес” шарасы аудан тұрғындарының, әсіресе жастардың сұрақтарына жауап беріп, оларға бағыт-бағдар көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Шараға аудандық прокуратура қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығының м.а. полиция майоры Саламат Бисалиев, аудандық аурухананың инфекционист дәрігері Алуа Аубакирова, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы Диана Мұқанова, аудандық Мансап орталығының маманы Манаргүл Тугарисова, аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Әли Тасболат, аудандық ЖРО жанындағы "Психологиялық кеңес" кабинетінің меңгерушісі Нұргүл Жұмағалиева, Ақсай қаласы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімшесінің басшысы Ержан Жұмағалиевтер қатысып, келген халыққтың сұрақтарына жауап берді.

Аталған шара барысында, мамандар қала тұрғындары мен жастарға мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық және заңнамалық бағыттар бойынша, сондай-ақ, деңсаулық сақтау мен психологиялық, теологиялық, жолда жүру ережелері бойынша өз кеңестерін берді. Мамандарға өз сұрақтарын қоюға қаламыздағы Ақсай техникалық колледжінің 3-курс студенттері де келіп, "Жастар тәжірибесі" , "Дипломмен ауылға" сияқты мемлекеттік бағдарламалар туралы  мәліметтер алды.

“Жастарға кеңес” шарасы қаламызда тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Биылдыққа бұл шара үшінші рет өткізілуде. Осыған дейін қаламыздағы “Жарсуат” сауда орталығында екі рет ұйымдастырылған еді.

 

Айдана Абдрахманова, 

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале