20.02.2024, 16:45
Оқылды: 103

Ақсайда жас ақын Асылбек Қуанышқалиевтің жыр кеші өтті

Жақында Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторы жас ақын, І топтағы көз мүгедегі Асылбек Қуанышқалиевтің «Өмірге ғашықтық» жыр кешін өткізді.

2a43d339-acae-4ed3-90e6-10e9b4a66db7

Бұл  Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының «Таланттар тоғысқанда» тифлотурне жобасы екен.

25 деген жалынды жасқа енді қол созған жас ақын Жазушылар одағының мүшелері, Сағынтай Бисенғалев, Талап Таймасұлы, Асантемір Қаршығаұлы сияқты өңірімізге белгілі ақындардың ақ батасын алып, «Жүрек сөзі» атты алғашқы кітабын шығарып үлгеріпті.

1ac84ea5-b9f2-4cfe-8d63-0f42b222546a

«Өлке қаламгерлерінің шығармашылығы - Брайль қарпінде» жобасы бойынша кітап Брайль қарпінде және «Aqjaiyq» телеарнасы журналистерінің дыбыстауымен аудиокітап түрінде де шығарылып, оқырманына жеткен. Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айжан Дәулетқалиева ашып берген жыр кешінде Асылбектің өлеңдері оқылып, әндері тыңдалды. Иә, Асылбек жақсы ақын ғана емес ән де салады. Өйткені вокал мамандығын тәмамдаған. Досы, жас әуесқой композитор Шапағат Сәкенұлы екеуі бірігіп ән жазып та жүр.

c372637b-0059-4e71-a842-2aa793554017

Мені қуантқаны 200-ге жақын өлең жазып үлгерген жас ақынның еңбекқорлығы. Өлеңдерінің ұйқастары мықты, айтар ойын шашыратпай түйіндей алатыны. Сонымен бірге мен Асылбектің барлық өлеңінен отан сүйгіштіктің, өмірге құштарлықтың, айналасына деген асқақ махаббаттың лебін сездім.

Дариға Нұрашова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале