16.02.2022, 10:20
Оқылды: 49

Ақсайдан жүлдемен оралды

Ақпан айының ортасында шаңғыдан облыс чемпионаты өтті. Ақсай қаласында өткен бәсі биік бәсекеде бәйтеректік спортшылар жалпыкомандалық екінші орынды қанжығалады.

IMG-20220215-WA0051

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және өңірдегі жас спортшыларға қолдау көрсетіп, мықтыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен келген үздік шаңғышылар қатысты.
Аталмыш додада классикалық шаңғы тебуден Айдар Галиев үшінші орынға ие болса, Дамира Ерсаинова мен Ляззат Төлепбергенова жарыс жеңімпазы атанды.

IMG-20220215-WA0052

Ал  жекелей сында 21-35 жас аралығындағы спортшылар арасында өнер көрсеткен Жарас Айтуаров екіншіге жайғасса, Ляззат Тулепбергенова кезекті мәрте топ жарды. Сонымен қатар өзі жасты шаңғышылар арасында Дамира Ерсаинова бірінші, Айдар Галиев және Бахтияр Исимов үшінші орынға ие болды.

Шаңғышылар алдағы уақытта дайындықтарын күшейтіп, басқа додада жеңімпаздар қатарынан көрінеді деген сенім бар.

Назерке Сыйлыбаева, 
Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале