2.07.2023, 18:52
Оқылды: 51

Ақсайлықтар Домбыра күнін тойлады

Қазақ пен домбыра - егіз ұғым!
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні бүгінде қайта жаңғырды. Уақыт өткен сайын қадірі еселене түскен, қаситетті қара домбыраның төл мерекесі 2018 жылдан бастап, шілденің алғашқы жексенбісінде тойлана бастады.

2393F1FB-D453-4B6E-A2B5-4876E551E96C

Осыған орай, бүгін Ақсай қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына «Мәдениет VIBE» жобасы аясында аудандық демалу орталығы көркемөнерпаздарының жаздың 3 айында  жоспарланған  кестеге  сәйкес  «Наурыз» саябағында кезекті шара өтті.
«Назқоңыр» фольклорлық ансамблі тұрғындарға «Домбыра дастан!» атты концерттік бағдарламасын ұсынып, Ақсай аспанын әнмен тербеді.

B714D780-8030-4221-9D62-001B85E29C8D
Боранбай Заитов жетекшілік ететін халықтық "Назқоңыр" фольклорлық ансамблі бүгінде тек аудан емес, облыс жұртшылығына етене таныс өнер ұжымы. Мерекелік шаралардың көзайымына айналған ансамбілді бұл жолы да жұртшылық керемет қабылдап, тамаша көңіл күй сыйлағандары үшін алғыстарын айтып жатты. Ансамбль Дәулеткерейдің "Көреғұлын", Құрманғазының "Қызылқайың серперін", Қазанғаптың «Боз жорғаның бөгелек қағуын» орындаса,  әнші-термеші Мұхит Бірәнов, ансамбль әншілері Әсел Куджанова мен Дархан Тасимовтар тыңдарманның құлақ құрышын қандырар, халықтың арасында кең танымал әндерді шырқады.

C778BC52-FD6B-4001-804D-9E97DC1018E5

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале