24.09.2018, 16:08
Оқылды: 45

Ақсайлықтар Омар Жәлелұлымен кездесті

Ақсайда абайтанушы, ғалым Омар Жәлелұлының «Ұрпағым ұлағатты болсын десеңіз...» тақырыбында семинар-тренингі өтті.

IMG_8177

            Омар Жәлел - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к, әдебиеттану, абайтану жолында қарымды еңбек етіп келе жатқан ғалымдардың бірі. Абайтану ғана емес қазақ руханияты және онымен біте қайнасқан ұлттық идеология мәселесіне де аса дем беріп, пікір білдіріп жүрген тұлға. Оқырманмен жүздесу барысында, Омар Жәлелұлы адамды еңбек етуге жігерлендіретін, адами болмысын, ар мен абыройын сақтап қалудың жолында бағыт-бағдар беретін хакім Абайдың «Адам бол – мал тап» қағидасына негізделген және жаратушы мен пенде, иман, хал ілімі т.б. жайындағы тұщымды ойларымен бөлісті.

            «Ұрпақ тәрбиесі – қашанда өзекті. Бала өсіріп отырған ата-ана ең әуелі оның тәрбиесіне көңіл бөлуі керек. Ал тәрбие беруші ата-ана алдымен өзі пір болардай тәрбиелі болуы керек. Қазіргі жаңа талаптарды игеріп, білім көкжиегіне шығу – тұрақты түрде еңбек етуді қажет етеді. Өкінішке қарай, ұл-қызынан тойды, сән-салтанатын көбірек ойлайтын аналар көбейді. Ал балаға келгенде «уақыт жоқ» дейді. Біз руханиятымызды байытып, жаңарғымыз, жаңғырғымыз келсе, осыдан бастағанымыз абзал», – деді ғалым.

            Кеш соңында оқырмандар арасынан оқытушылар мен түрлі сала мамандары өзінің ой-пікірлерімен бөлісіп, сауалдарын қойды.

                                                                                 Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы

IMG_8162

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале