30.09.2021, 8:58
Оқылды: 65

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы сайланды

Теректі аудандық ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұсағали Төлегенов төрағалық етсе,  хатшысы мүгедектер ерікті қоғамы бірлестігінің аудан бойынша филиалының төрағасы Серік Ашықбаев болды. Шараға Теректі ауданы әкімінің орынбасары Армат Байғазиев, ақсақалдар кеңесінің төрағалары, ішкі саясат бөлімі  және алыс ауылдардың қариялары zoom платформасы арқылы қатысты. 

WhatsApp Image 2021-09-30 at 08.57.03

Алғаш болып сөз алған Теректі ауданы әкімінің орынбасары Армат Байғазиев қатысушы ақсақалдарды алдағы Қариялар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.  Ашық диалог ретінде ұйымдастырылған кездесудің күн тәртібінде — аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасын сайлау болды. Осы күнге дейін бұл қызметті атқарған Вячеслав Мукашев аудан аумағынан қоныс аударуына байланысты жаңа басшыны тағайындау ұсынылды. Үміткер ретінде ұсынылған Білікпай Қазиқановты дауысқа салып, ақсақалдар бірауыздан қолдады.

Айта кетейік,  Білікбай Құсайынұлы 1953 жылы Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген.А.С.Пушкин атындағы Орал педогогикалық институтының жаратылыстану факультетінің химия, биология бөлімін бітірген.

Белогор ауылында мұғалім болып бастап, директордың орынбасары деңгейіне дейін көтерілген. 2002-2016 жылдары Феодоровка қазақ ЖОББМ-да қызмет атқарып, 2016 жылы зейнет демалысына шыққан. Бүгінде аудан көлемінде өткен барлық шараларға, соның ішінде спорттық сайыстарға белсенді қатысып жүр.

Жиын барысында айтылған ұсыныстар мен талап-тілектерді тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Армат Амангелдіұлы  сұрақтардың жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале