18.10.2022, 22:15
Оқылды: 44

Ақсақалды құрметтеді

Бүгін Қаратөбе ауданының ТЖБ-нің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесіне орай Сайлау ақсақалдың шаңырағында болды.

Ардагер құттықтау.jfif

БҚО ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған марқұм Жарқын Фазылов және №18 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері болған марқұм Талғат Фазылов кәсіби қызметтерінің нағыз мамандары болған еді. Аталған азаматтардың әкесі Сайлау Бақиұлының үйіне барған Мэлс Тілектесұлы өздерінің кәсіби қызметтерін абыроймен атқарған ұлдарының төл мерекесіне орай құттықтау лебізін жеткізіп, өз атынан және жеке құрамның атынан кішігірім сыйлық табыстады.

Қазіргі таңда Сайлау атамыздың немерелері әкесі мен ағасының ізін қуған Ержан Талғатұлы №18 ӨСБ жүргізуші қызметінде және Бауыржан Талғатұлы «Өрт сөндіруші» АҚ-да өрт сөндіруші қызметінде жұмыс атқарып келеді.

 

С.Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале