20.12.2021, 16:45
Оқылды: 33

Ақсоғымға «ACTIV» келді

Теректі ауданы Ақсоғым ауылында 600-ден астам халық бар. Тұрғындар 4 жылдан бері қолжетімді, сапалы мобильді байланыс жүйесіне қол жеткізе алмаған болатын. Енді бұл мәселе оң шешімін тапты.

9081FCA6-AE38-4A8B-BFAC-0984B4FAE0E1

— Мамыр айында Ақсоғым ауылдық округінің  әкімі болып сайландым. Сол кезден бастап бұл істі қолға алуға тырыстым. Әрине, бүгінгі күнге дейін мобильді байланыстың болмауы негізгі проблемалардың бірі болды. Әсіресе онлайн оқыту форматында қиындық туды. Осы күнге дейін ауыл халқы мен мекемелер жеке Wi-Fi қондырғысын алып қолданды. Бүгін, міне, осы мәселе шешіліп, ауылымызға «Activ» мобильді байланыс жүйесі іске қосылды. Бұл жаңалықпен жұртшылықты құлақтандырдық. Барлық жұмыс халық үшін атқарылып жатыр. Ең бастысы ел риза болуы керек, — дейді ауыл әкімі Муфтах Ғұмарұлы.

Алты метрлік мұнараға орнатылған мобильді байланыс жүйесі, сапалы мобильді интернетті пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында осы мәселенің шешілгеніне ауыл халқы дән риза.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале