14.12.2024, 18:00
Оқылды: 4

Ақсу ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Бөрлі ауданы, Ақсу ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді. Мерекелік шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Нұрмақов, облыстық мәслихаттың депутаты Анвар Агаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Қайрат Ермекбаев, аудандық аурухана директоры Алтынай Баймұратова және ауыл тұрғындары қатысты.

IMG_20241214_144243

Ақсу ауылдық округіне Ақсу және Жаңақоныс ауылдары кіреді. Мұнда 510 адам тұрады.
Ақсу ауылындағы медициналық пункт типтік жоба бойынша салынған, дәл осындай нысан Облав ауылында да салынған еді. Мердігер «Уральскстройинвест» ЖШС. Жобаның құны 160 миллион теңгені құрайды.

Медбике Гүлнар Ғұсманова Ақсу ауылына жұмысқа биыл келіпті. Ол қызметтік баспанамен қамтамасыз етілген. Жаңадан жабдықталған орталық оған науқастармен жұмыс істеуге жақсы көмек болмақ.
– Ауданымызда «Ауылда денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы «Аралтал» шағынауданында амбулатория пайдалануға берілді. Биыл күзде Қарағандыда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пен Жаңақоныс, Облав, Ақсуда медициналық пункттер есігін айқара ашты. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады. Сондай-ақ, ауылдық медицина қызметкерлеріне алты «Соболь» автокөлігі берілді», - дейді аудандық аурухана директоры Алтынай Баймұратова.

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале