Бүгін, сағат 2.00 шамасында Ақжайық ауданының Ақсуат ауылында екіпәтерлік үй өртенді. Яғни, Октябрь көшесіндегі №1 тұрғын үйдің үш бөлмелі бір пәтері түгел отқа оранды. Өкінішке қарай, осында тұратын, 1972 жылы туған ер адам жанып кетті. Анықталғаны - ол осында жалғыз тұрған.
Салынғанына біраз болған бұл баспананың екінші пәтерінің шатыры жанды. №24 өртпен күрес бөлімінің жеке құрамы оқиға орнына сағат 3.30-да жетіп, өрт сағат 7-де өшірілді.
Тілсіз жаудың себебі неден болғаны тексерілуде.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!