Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округі де өз әкімін анықтайды. Осы мақсатта сайлау учаскелеріне өз таңдауын жасауға келген халықтың қарасы көп.
Мысалы, №352 Ақсуат ауылдық округіндегі сайлау учаскесі бойынша Есболат Кенжеалиев алғаш болып таңдау жасады.
- Азаматтық позициямызды білдіруді жөн деп таптым. Ауыл әкімдерін жергілікті халықтың сайлауы - оң бастама. Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізді. Оған куәміз. Мен бүгінгі сайлаудан кейін еліміз үшін жақсы өзгерістер күтемін,-дейді Есболат Темірболатұлы.
Айта кетсек, №352 сайлау учаскесі бойынша 734 тұрғын өз таңдауын жасамақ. Үйден дауыс берушілердің 88-і жасы келген қариялар болса, 6-уы мүмкіндігі шектеулі жандар.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz