«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Батыс Қазақстан облысынан екі адам жолдама алғанын жазған едік. Біреуі — Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов. Ол өңірлік кезеңнен өтіп, финалдық кезеңге де қатысты. Сайып келгенде, республикалық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Жаннұр Бекбауұлы жас болса да қолынан іс келетін басшы. Оған ауыл тұрғындары куә. Халықпен тіл табыса отырып, қарапайым, кішіпейіл екенін көрсетті. Ауылдық округке келгелі бірқатар шаруаларды қолға алып, елмен етене жақын араласып, маңызды мәселенің шешімін тауып жүр.
Міне, бүгін — Мемлекеттік қызметшілер күнінде Жаннұр Ахметовті БҚО әкімі Ғали Есқалиев алғысхатпен марапаттады. Сондай-ақ жас әкімге жемісті жұмыс тіледі.
Ауданымыздың, қала берді, облысымыздың намысын қорғаған Жаннұр Бекбауұлына біз де ақ тілекті ақтардық.
Самал Жамет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz