3.05.2022, 15:15
Оқылды: 41

«Ақсұңқарға» алты ай толды

Подстепный ауылында «Ақсұңқар» эстрадалық-вокалдық балалар ансамблінің мерекелік концерті өтті. Айта кетейік, аталмыш ансамбльдің құрылғанына 6 ай толды. Осы орайда бұл ұжым ел алдында есептік шығармашылық кеш беруді құп көрген.

IMG-20220503-WA0002

- «Ақсұңқардың»  құрамында 60-қа жуық бала бар. Ансамбль мүшелерінің жеке жетістіктері жетерлік. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық түрлі байқаулардан қанжығамыз құр қайтқан емес. Енді ғана тәй-тәйлап басып келе жатқан ансамбльдің келешекте алар асуы алда. Осы бағытта әлі талай тер төгуіміз қажет. Алты ай ішінде үйренген өнерімізді ата-ана алдында көрсетуді жөн санадық,- дейді жетекшісі Әйгерім Шайхиева.

IMG-20220503-WA0003

Концертке Жансұлу Жұбантайқызы жетекшілік ететін «Сұлу»  би ансамблі де  қатысып, шара шырайын енгізді. Олар «Татар», «Мысықтар»,«Қазақ» сықылды әсем би орындады.

IMG-20220503-WA0006

Ал ансамбль мүшелері « Қазақстан – Отаным»,«Ертегі әлемі», «Болашағы біз – елдің», «Дара бала», «Қуыршақ»,  «Шексіз алғыс», «Қазағымсың», «Ана – ұстаз», «Өмір шіркін», «Аманат» сынды әуезді әндерді әуелетті.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале