Шыңғырлау ауданындағы тыныс-тірлігі бірқалыпты өтіп жатқан мекеннің бірі - Ақтау ауылдық округі. Қазір ауыл мен даланы шөп маялары тіркелген тракторлар тіркемесінің керуендері жалғауда. Округте 28 шаруа қожалығы тіркелген. Қыстық мал азығын дайындаумен 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 1 ЖШС және 17 шаруа қожалығы айналысып, өнікті еңбек нәтижесін көрсетуде.

Торатбаста барлығы 4 шаруа қожалығы, 1 ЖШС тіркеліп, еңбек етуде. 3 шаруа қожалығы мен 1 ЖШС малдың қысқы жем-шөбін молынан жасақтау үстінде.
«Шөптің бір орамасы 3461 теңгені құрауда, ал трактордың бір тіркемесінің бағасы 45000 мың теңге. Бірталайы қазіргі кезде қыс айларына жетерлік мал азығын жасақтап алуға жақын, шаруа жандар ауа-райының әр қолайлы сәтін ұтымды пайдалануға тырысып жатыр», - дейді Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алмас Хамитов.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы