4.12.2020, 16:06
Оқылды: 36

Ақтауға «Актив» қосылды

Шыңғырлау ауданындағы ұялы байланысқа қолы жетпей жүрген елді мекендердің бірі – Ақтау ауылдық округі болатын.

IMG-20201202-WA0013

Жуырда Ақтауға «Актив» ұялы байланыс желісі қосылып, жұртшылықың көптен күткен тілектері орындалды. 499 тұрғыны, 106 үйі бар ауыл енді ұялы байланыстың рахатын көрмек.

Әзірге ұялы желі толықтай іске қосылып кетпегенімен, алдағы күндері байланыс желісі  жолға қойылып, үздіксіз қызмет етеріне ақтаулықтар сенімді.

Ұялы байланысты асыға күтіп отырған Қарағаш және Ардақ ауылдық округтерінің тұрғындары да жыл аяғына дейін бір жақсы жаңалық боларына сенімді.

 

                                                                                                              Гүлшат Ибрагимқызы,

                                                                                                               Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале