Ауыл тұрғындары үшін саяси науқанның маңызы зор. Сондықтан, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар таңғы сағат 7:00 ден бастап референдум учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасады. Олардың қатарында «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері де болды.

Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген әжелер бұл жолы да қоғам өміріндегі маңызды шарадан шет қалмай, ұйымшылдықпен келіп, өз таңдауларын жасады. Олар алдымен тіркеуден өтіп, бюллетень алып, арнайы кабиналарда дауыс берді.

«Ақтілеу» әжелер ансамблі көп жылдан бері ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді. Олар халық әндерін орындап, салт-дәстүрді насихаттап, жастарға өнеге көрсетіп жүр. Әжелердің өнері мен өмірлік тәжірибесі ауыл тұрғындарының құрметіне ие.
Ансамбль мүшелерінің айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерде әр азамат өз пікірін білдіруі тиіс. Сондықтан олар референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытуды маңызды деп санайды.

Өнерлі әжелердің референдумға келіп, дауыс беруі – кейінгі буынға үлгі боларлық игі қадам. Бұл олардың елге деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы