“AMANAT” партиясы Сырым аудандық филиалында аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен партияның актив жиыны өтті.
Партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Дарғожиевтің төрағалығымен өткен жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылады.
Аталмыш Жолдау бойынша міндеттерге алдағы уақытта аудан көлемінде партия тарапынан қолдау білдіріп, орындалуына жұмыстанатын болады.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz
Суреттерді түсірген: А.Өтеғалиева