21.02.2018, 12:13
Оқылды: 26

Ақтөбенің білікті дәрігерлері Ақсайға келді

Бөрлі  ауданының орталығына Қарашығанақ кен орын жақын орналасқандықтан, ауаға шығатын зиянды қалдықтар тұрғындардың денсаулығына әсер етпей қоймайды. Осы мақсатта Ақсай қаласына Ақтөбе қалалық Марат Оспанов атындағы мемлекеттік университетінің білікті дәрігерлері келді.

«Қоршаған ортаның зиянды факторларының адам денсаулығына әсері» бағдарламасы негізінде келген дәрігерлер арасында жиырма маман бар.

Бұл тексерістің негізгі мақсаты - 18-50 жас аралығындағы тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау. Жалпы бұл тексерістер үш жыл бойы жүргізіліп, тұрғындар арасында белең алған ауруды анықтап,  медициналық кеңес беріледі. Аталған тексерістер Ақтөбе облысында  орналасқан мұнай өнеркәсібі бар аудандарда да жүргізген. Шара барысында зерттеу протоколы бойынша клиникалық және гармон өзгерістеріне сараптама алынады. Ал сараптама қорытындысы Мәскеу қаласында жасалатын болады.

Сонымен қатар Ақсай қаласы мен Березовка ауылы аймағындағы ауадан, топырақтан сынамалар алынды. Атмосфералық ауаны анықтау мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Дүйсенбіден басталған тексеріс осы жұманың аяғына дейін тегін жүргізіледі.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале