20.03.2022, 15:50
Оқылды: 69

Ақын мектебі алдындағы мереке

Сырым ауданындағы ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің алдында Наурыз мерекесіне арналған ұлттық дүбірге халық ағылып келіп жатты.

IMG_8538

Шараға Б.Қаратаев, А.Жұмағалиев, Ж.Досмұхамедов, Ә.Молдағұлова, М.Маметова, К.Меңдалиев, С.Сейфуллин көшелерінің тұрғындары жиналды.
Мерекелік шарада Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары Жанболат Мұхамбетжанов, ардагер ұстаз Ғилаж Қаналиев құттықтау сөз сөйлеп, елде береке болып, ақ мол болсын деген жүрекжарды тілектерін айтты.

Мектеп алдындағы орнатылған киіз үйде тұрғындарға тұрғындарға дастархан жайылып ұлттық тағамдар бауырсақ, көжеден дәм тартылды. Өнер иелері әсем ән, мың бұралған биден шашу шашты.

IMG_8516

Қазақы ұлттық ойындар асық ату, қол күресі, арқан тарту, ләңгі тебуден оқушылар арасында жарыс болып жүлдегерлерге қаржылай сыйлық берілді.

IMG_8527
Тұрғындар алаңда әзірленген ыстық кәуаптан дәм татып, өзара ақ тілектерін айтысып көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Мүсірбек Әлібекұлы,
Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген: Айжан Амангелдина

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале