Бүгін Сырым ауданында “Жыр ордасы - Жымпиты” мәдени шарасы аясында ақындар үшін қысқы демалыс сәті ұйымдастырылды.
Бауыржан Халиолла бастаған ақындар С. Датұлы атындағы саябақта атпен серуендеп, өзара садақ атып сайысты.
Ойдан сөз жонған жандардың жақ керіп, жебе тартуы да жарасымды.
Сәлден кейін Ж.Ерман айтыс мектебінің 5 жылдығына орай өңір ақындары мен сырымдық мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан жолдастық кездесу басталады.
zhaikpress.kz