25.04.2023, 18:27
Оқылды: 22

Ақынмен кездесті

«Ақын – елдің ардағы» осындай тақырыппен жерлес ақын, Сырым ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі Қажиахметов Махмет Мүтиұлымен кездесу кеші өтті. Шараны кітапханашы Раушан Мұханбетқалиева жүргізді. Кешке ақынның жұмыстастары, замандастары, ұрпақтары қатысты.

ақын 1

Жас ұрпаққа айтары бар, еңбек жолымен, өнегелі өмірімен үлгі бола алатын азамат, жазба-ақын, журналист, зейнеткер редактор, Сырым ауданының құрметті азаматы, айтыскер-ақын, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі, «Көгершін көңіл», «Дала демі» кітаптарының авторы, жерлесіміз Махмет Мүтиұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.

ақын
Өлең жазу қабілетінің басталуы, өлең жазуына түрткі болған себептер, қазақ қаламгерлерінен кімді пір тұтатыны жайлы сауалдар қойылды.
Шараға қонақ ретінде шақырылған әріптестері Дана Қыдырғалиқызы, Бауыржан Ширмединұлы қаламгер туралы әдемі естеліктерін, жылы лебіздерін білдірсе, немересі Замир Махмет өлеңін оқыды.

ақын 2
Махмет Қажиахметов ақындығымен қоса аудармашылыққа бет бұрып, Борис Пастернак, Сергей Есениннің өлеңдерін аударды. Шетел ақындары еңбектері несімен баурағанын әңгімеледі. Осы орайда кітапхана оқырмандары ақынның аудармаларын оқыды. Ақынның өлеңдерін кітапхана оқырмандары оқып,  аудандық «Демалыс орталығының» әншілері ән шырқады.
Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уалиахметова қорытынды сөз сөйлеп, Махмет Қажиахметовке естелік сыйлық табыс етті.

Сырым колледжінің кітапханашысы Гүлнар Зимұханова сөз алып, ақын өлеңдерін сүйіп оқитын судентке қаламгердің қолымен қолтаңбасын кітабын сыйға тартуды өтініп, Махмет Мүтиұлы бұл бұйымтайын екі етпеді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале