6.08.2023, 13:25
Оқылды: 50

Ақынмен жүздесті

Жамбыл ауылдық кітапханасында ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналисттер одақтарының мүшесі Ғайса-Ғали Сейтақтың «Арманы болған Ақжайық» атты поэзиялық сағаты өтті.

IMG-20230806-WA0018 (1)

Іс-шараны ашқан аталмыш кітапхананың кітапханашысы Фарида Амандәулетова атап өткендей, поэзия сағатының мақсаты ақынның 65 жасқа толу мерейтойына орай оның өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру.

WhatsApp Image 2023-08-06 at 11.22.40

Өз кезегінде сөз алған кітапхананың байырғы оқырманы, зейнеткер Қаншайым Сабырғалиева келген қонақтарға «қош келдіңіз» айтып, ақынды мерейтойымен құттықтап сөз сөйледі. Жергілікті мектептің Гүлжан Амангелдіқызы ақынның «Жығылмас жалғыз бар туым», «Отаным, Орда, Оралым» өлеңдерін оқырмандарға оқып берген соң, оны әрі қарай оқушылар жалғады. Олардың арасында 5-сынып оқушысы Кәусар Мұратбек («Оралда бар өз көшем»), 4-сынып оқушысы Айнель Қаршыгеева («Бұлынғұр тартқан күн мынау») бар. Одан соң 10-сынып оқушысы, жас ақын Айша Кенже «Хамза Есенжановқа арнау» атты өз туындысын оқыды.

Ақын кітаптарынан көрме ұйымдастырылып шолу жасалды. Оқырмандар әр түрлі сұрақтар қойып, жауап алысты.

IMG-20230806-WA0017

Шара соңында Ғайса-Ғали Самиғоллаұлы «Жығылмас жалғыз бар туым» атты кітабын кітаапханаға сыйға тарту етті.

 

Бақыт Болат,

Мичурин ауылдық округі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале