«Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Ақжайық аудандық полиция қызметкерлері аудандағы бірқатар азық-түлік дүкендерін аралап, сауда орнының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты – алкоголь өнімінің заңсыз саудасының алдын алу, заң талаптарын тағы бір мәрте қаперге салу.
Былтыр алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылып, шешім алу үшін аудандық сотқа жолданды. Нәтижесінде алкоголь өнімін сатудың лицензиялары уақытша тоқтатылып, айыппұл салынды. Осы жылдың қаңтар айында құқық қорғаушылар осы баптың талабын бұзған бір кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, аудан сот арқылы тиісті шара алынды.
Сонымен қатар полиция өкілдері жұртшылықпен де жүздесіп, заң талаптарын түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін сатуға тыйым салынған және алкоголь өнімдерін дүкендерде сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын ішімдіктерді сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін сатуға болмайды.
Әлия Шарапиева,
Ақжайық ауданы