23.07.2024, 15:45
Оқылды: 356

Ақжайық ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Ақжайық ауданы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары болып Зәйлім Исатайқызы Мәжитова тағайындалды.

IMG_2411

Зәйлім Исатайқызы Қазталов ауданының Жаңажол ауылында 1967 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 1989 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Қазталов ауданы Қараөзен орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған З.Мәжитова 1990-1992 жылдары К.Ворошилов атындағы машина жасау зауытының қоймашысы, Орал почтамптының жатақхана тәрбиешісі, 1992 жылдан 2001 жылға дейін Қазталов ауданы Қараөзен орта мектебінің мұғалімі, 2012 жылға дейін осы мектептің директоры қызметтерін атқарған.

2012-2013 жылдар аралығында Қазталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарып, Қазталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы қызметінде болды.

Зәйлім Исатайқызы 2013 жылдан тағайындалғанға дейін Қазталов ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Аудан әкімі Мұрат Сердалин жаңа орынбасарын аудан активіне таныстырды.

Әлия Серікқызы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале