Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың «Шапағат» қайырымдылық дүкендер желісі Чапаевта кезекті акция ұйымдастырды. Бұл жолы негізінен балалар киімдері 37 отбасына берілді.
- «Шапағат» қайырымдылық дүкендер желісі тұрғындарға барған сайын кеңінен танымал болуда. Аудан бойынша 12 дүкен жұмыс жасайды, оның алтауы биыл ашылды. Бұларға жұрттан әлі талай тұтынуға жарайтын, тіпті жаңа күйінде де киім-кешек түсіп тұрады. Аталған акция секілді шараларды бұдан былай да өткізіп тұрамыз,-дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық директоры Әлия Шәрапиева.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы