7.06.2017, 15:50
Оқылды: 21

Ақжайық ауданында 26 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс жасайды

Қазақстан ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудан орталығы – Чапаевта ардагерлер кеңестерінің өкілдерімен, қоғамдық ұйымдар жетекшілерімен өткен жиылыста олардың хал-жағдайы, ортақ істерге үлесі, жас толқын тәрбиесіне қолтаңбасы жайында кеңінен әңгіме болды.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев ауданның саяси-мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлестерін қосқан бірқатар ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен еңбек ардагерлерін аудан әкімі Әділ Жоламановтың және облыстық ардагерлер ұйымының Алғысхатымен марапаттады.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 26 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс жасайды. Олардың жеткен жетістіктері, алда тұрған ауқымды міндеттер жайында аудандық ардагерлер ұйымының төрайымы Альмира Мұшағалиева баяндады. Ол маңдайалды еңбек ардагерлерінің бір тобына естелік сыйлықтар тапсырды.

Мерекелік концертте мәдени-демалыс орталығының қызметкерлерімен бірге «Жайдарман» әжелер ансамблі, «Радуга» славян ұлттық-мәдени орталығының хоры, Еділбай Меңдешов, Марат Досмұхамбетов, Сапаш Дәулетбаев, Марат Биятов сынды өнерпаз жандар әннен шашу шашты.

Ақжол ӘЛІ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале