5.09.2018, 15:28
Оқылды: 31

Ақжайық ауданында кәсіпкерліктің биылғы он екінші нысаны ашылды

Бұл «Айна» сұлулық салонының иесі Айна Айденованың шаштараздық істе біраз тәжірибесі бар. Ол Орал қаласындағы осындай салондардың біріндегі курсты аяқтаған соң Мерген ауылында, сосын аудан орталығы – Чапаевта бүгінге дейін екі жыл жұмыс жасады.

IMG_5730

            Биыл жұбайы Ақылбек екеуі өздерінің нысанын ашуды жоспарлап, құрылысты қолға алған еді. Міне, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған көлемі 28 шаршыметр ғимарат бой көтерді. Сөйтіп, ерлер, әйелдер және балаларға қызмет көрсететін салон сәрсенбінің сәтінде келушілерге есігін айқара ашты. Әйелдерге тырнақ әрлеу қызметі де көрсетіледі.

            Алдағы кезде А.Айденова өзіне көмекші алуды ойластырған.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале