20.04.2018, 12:28
Оқылды: 61

Ақжайық ауданында «Оқырман отбасы» байқауы өтті

DSC_0011Ақжайық аудандық Алмалы орта мектебінде «Оқырман отбасы» атты байқау ұйымдастырылды.

Осында «Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы» атты бөлімде қатысушылар кітаптарынан жасалған көрмемен көпшілікті таныстырды. Мысалы, Қайрат пен Алтынай Тұрғалиевтар ұлдары Жәнібекпен бірге Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа», Қайырлы, Сержан, Мәдина Тілекқабыловтар Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо», Ұлпан, Аңсар, Жанбота, Фарида Серіковтар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бірнеше кітабы, соның ішінде «Қамар сұлу» романы жайында ерекше тебіреніп, баяндады. Нұртілек пен Аяна Жұмабаевтар өздерінің аналары Назирамен үшеуі қазақ ертегілерін, аналары Мәншүкпен бірге Дәурен мен Бағдат Қуанышевтар әйгілі Қадыр Мырза Әлидің туындыларын сүйіп оқитындарын тартымды баяндады.

Қатысушылар салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтарға, оның ішінде шығармалар кейіпкерлерінің тағдырына қатысты сауалдарға жауап берді. Олар сондай-ақ мақал-мәтелдердің мәнін ашып беруден сайысқа түсті. Кейін отбасы болып ертегіден көріністер қойды.

– Байқау қорытындысымен І орынды Тұрғалиевтар отбасы алды. ІІ орынға Тілекқабыловтар, ІІІ орынға Серіковтар табан тіреді. Жұмабаевтар отбасы «Ізденімпаз отбасы» аталымын еншілесе, «Көрермендер көзайымы» аталымын Қуанышевтар отбасы иеленді,-дейді Алмалы орта мектебінің қызметкері Нұрлықыз Құрақова.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале