25.10.2024, 10:11
Оқылды: 170

Ақжайық ауданында Республика күні тойланды

Егемендік туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттік басты негіздері мен қағидалары белгіленген 1990 жылдың 25 қазаны – күллі отандастарымыз үшін қымбат та қастерлі күн. Осы Республика күнін Ақжайық ауданының жұртшылығы көтеріңкі көңіл-хошпен атап өтті.

IMG_4542

Аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен «Республикам – туған елім, ұлы өлкем» атты салтанатты жиында аудан әкімі Мұрат Сердалин жиналғандарды мерекемен қызу құттықтап, сөз сөйледі.

IMG_4558

Ол Декларация қабылданғанан бермен 34 жыл ішінде республика қол жеткізген елеулі, басты табыстарға тоқталып, тарих үшін қас-қағым сәтте Қазақстанның әлем аренасында өз орны бар орта державаға айналғанын, ортақ жетістіктерде ақжайықтықтардың да еселі еңбегін атап өтті. Мұрат Амангелдіұлы сонымен қатар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын, ауылды түлетудегі өркенді өзгерістерді де дерек-дәйектермен баяндады.

IMG_4569

Мемлекеттік мерекеге орай еңбекте үздік бірқатар жерлестеріміз марапатталып, құрметке бөленді. Атап айтсақ, Алғабас орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұрлыбек Ілиясовқа ҚР Оқу-ағарту министрінің Құрмет Грамотасы, «AMANAT» партиясының Құрмет Грамотасы Базартөбе бастауыш партия ұйымының төрағасы Марат Қозыбаевқа, партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі облыстық мүгедектер қоғамы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Мұрат Сәрсеновқа табысталды. Сонымен қатар қызметінде дараланған жерлестеріміздің бір тобы аудан әкімі Мұрат Сердалиннің алғыс хаты, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

IMG_4588 (1)

Аудан көркемөнерпаздары патриоттық рухты еселеген концерт ұсынды.

IMG_4602

Айкүн Талпын,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале