9.04.2018, 16:21
Оқылды: 36

Ақжайық ауданында республикалық «Дала сазы» байқауы өтті

 

dala sazАқжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында ХІІІ Республикалық «Дала сазы» атты байқау өтті.

Шараға Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Қаратөбе, Қазталов, Тасқала аудандарынан жас ерекшеліктеріне қарай 300-ге жуық бала қатысты. Өнерлі өрендер «Аспапта ойнау», «Дәстүрлі ән», «Вокал», «Хореография», «Бейнелеу өнері және қолөнері» аталымдары бойынша бақтарын сынады.

dala sazzЕкі күнге созылған өнер мерекесінің қорытындысы бойынша, бас жүлделерді «Аспапта ойнау» аталымы бойынша қобыз аспабы орындаудан Назира Мергенова (жетекшісі Аяжан Құттыбаева, Қазталов ауданы), баян аспабында Әмірхан Ғайдар (жетекшісі Светлана Липатова, Ақжайық ауданы), фортепиано аспабында Айым Хамидолла мен Сезім Хамидолла (жетекшісі Самал Рахымжанова, Бөкей ордасы ауданы), домбыра аспабында Нұрбол Болат (жетекшісі Нұрсұлтан Жақыпов, Қазталов ауданы), Нұрдәулет Қайсағали, (жетекшісі Азамат Зайнуллин, Бөкей ордасы ауданы), Гүлфия Темірғали (жетекшілері Амангүл Сисенова мен Ұлпан Наурызғали, Жаңақала ауданы), Азат Қадырғали (жетекшісі Халел Сапаров, Ақжайық ауданы), Қайрат Байғұтты (жетекшісі Самат Әкімов, Қаратөбе ауданы), вокалдан Айзере Қапанова (жетекшісі Самал Рахымжанова, Бөкей ордасы ауданы), Айдана Ақболатова, Айда Тілекқабыл (жетекшісі Мергүл Асанова, Жаңақала ауданы), Диас Ғайнолла (жетекшісі Нұрсұлтан Зинекенов, Ақжайық ауданы), хореографиядан «Ай-Дарын» би ансамблі (жетекшісі Айдана Биғалиева), «Дарын» би ансамблі (жетекшісі Гүлден Оңғар), «Балауса» би ансамблі (жетекшісі Ақмарал Бекетаева), «Сымбат» би ансамблі, жетекшілері Назерке Амангелдиева мен Жанар Үмбетова (бәрі де Ақжайық ауданы), «Аспапта ойнау» аталымынан ансамбль бойынша Ақжайық балалар музыка мектебінің қазақ ұлт-аспаптар оркестрі (жетекшісі Халел Сапаров, Ақжайық ауданы), «Ақжелең» квинтеті мен «Үкілім-ай» квартеті (жетекшісі Гүлбар Шуақбаева, Жаңақала ауданы), «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша Айару Әділ (жетекшісі Армангүл Хамзина, Ақжайық ауданы), «Қыз жібек» термешілер ансамблі (жетекшілері Асылхан Бұлтанов, Баян Қабиева, Қазталов ауданы), «Айгөлек» дуэті (жетекшісі Самал Рахымжанова), «Қайсар» дуэті (жетекшісі Саида Ажғалиева, Бөкей ордасы ауданы), «Серпін» фольклорлық ансамблі (жетекшісі Жанболат Есенгелдиев, Қаратөбе ауданы), «Бейнелеу өнері және қолөнері» аталымы бойынша Ләззат Аябаева, (жетекшісі Данияр Ізбасаров), Оспан Ли (жетекшісі Қайсар Сисенғазиев, екеуі де Ақжайық ауданынан) есімді қатысушылар алды.

Нұрхат МАҒЗОМОВ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале