Ақжайық ауданы орталығы – Чапаевта қосымша білім беру жүйесіне 100 жыл толуына байланысты балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында тау туризмі техникасынан жарыс өтті. Шараға 14 мектептен 60 оқушы қатысты.
Жарыстың бағдарламасы бойынша түйме байлау, азимут анықтау, жасанды жартасқа жылдамдыққа шығу, туристік техника бәсекелері бойынша жалпы есепте І орынды Тайпақ мектебі командасы иеленді. ІІ орынға Краснояр мектебі командасы, ІІІ орынға Бітік мектебі мен М.Әуезов атындағы мектеп командалары ие болды.
– Бұл жарыстар ұл-қыздардың тау туризмі «әліппесін» игеруге деген құлшынысын сөзсіз байқатты. Осындай бәсекелер жыл сайын ауданда кем дегенде 3-4 рет өткізіліп жүр,-дейді аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының әдіскері Қанат Жазықбаев.
Бекем БЕКҰЛЫ,
суретті түсірген Нұрбек ИХСАН
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!