14.09.2018, 17:05
Оқылды: 56

Ақжайық ауданында тұңғыш IT-сынып ашылды

«Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасы бойынша Ақжайық ауданының орталығы Чапаевтағы М.Әуезов атындағы орта мектепте ІТ-сыныбы ашылды.

DSC_0122Елімізде бұл бағыттағы жұмыстар қарқынмен жүргізіліп жатқаны көзі қырақты жандарға мәлім. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының сатылап жүзеге асырылуы аз уақыт аралығында нәтижесін бере бастады. Дәл осы мақсаттың түпкілікті міндетке айналу жолы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да нақты көрсетілген болатын.

         Аталған сыныптың тұсаукесерінде аудан әкімі Әділ Жоламанов мұғалімдерді, оқушыларды, жиналған тұрғындарды осы игі жаңалықпен құттықтады.

         – Облысымызда 15 ІТ-сынып ашылуы жоспарлануда. Ауданымыз бойынша осы орайда ең бірінші қадам басталған мектептің шәкірттері ретінде заманның жетістігін жетік меңгерулеріңіз керек,-деді ол оқушыларға.

         Көлемі 60 шаршыметрді алып жатқан ІТ-сыныбында 8 жастан 16 жасқа дейінгі оқушылар 3D бағдарламасы бойынша мәселен, мүсіндер жасап, принтерден шығаруды, Scratch бағдарламасымен ойындар құрастыруды үйренеді. Сыныпта компьютерлермен қатар, робот техникасы да бар. Әзірге ұл-қыздар Python, С++ бағдарламаларын үйренуде.

         ІТ-кабинетінің меңгерушісі Махамбет Фазылдың айтуынша, аудан оқушылары каникул кезінде осында келіп, үйренулеріне болатынын айтты. Ол СТЕМ жүйесі бойынша тамыз айында оқу курсынан өтіп келген. Мектеп оқушылары ІТ технологияны еркін меңгеріп, бұл сала туралы терең ақпарат алатын болады. Қысқасы, олар ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қалай қолдану қажеттігін де үйренеді.

Нұрхат МАҒЗОМОВ,

Суреттерді түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

Ақжайық ауданы

DSC_0007 DSC_0037 DSC_0173 DSC_0183

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале