22.03.2025, 14:30
Оқылды: 373

Ақжайық ауданында Ұлыстың ұлы күні тойланды

Көктем рухын еселеді Әз-Наурыз
Наурыз келді, ал тойлаңдар, жарандар!
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып, мәре-сәре ағайын,
Тойдан бүгін ойнап-күліп тараңдар!
Жарқырасын Ақжайықтай еліміз,
Тасысын байлық-дәулет, кеніміз!
Ел сүйсініп берекелі еліме,
Малға толсын жайлау, асу-беліміз!

255bed79-314f-47d4-9394-a2fb37b2b9e5

Ақжайық ауданы орталығының басты алаңында, 22 Наурызда Жылан жылын мерекелеу алысқа жаңғырған осы ізгі тілекпен басталды. Алдымен осы жерге ұлттық киіммен шеру тартқан ауыл тұрғындары келіп бас тіреді. Көше бойын толтырған «Наурыз-шеруге» адам көп жиылған екен.

52fe54e5-4807-4f8e-949c-2eca1665af1e

Кимешектегі әжелер, шапанды аталар, қос бұрымды қыпша бел ару қыздар, тұлымды ұл – бәрі де осы шеруде жүр.

f8a9a7b9-70ee-4266-b096-11d8f23cef88

«Ақжайық» әнін әуелетіп орталық алаңға шеру келгенде, жайлауға көрік берген көш-керуен жеткендей әсер қалдырғаны анық.

066ae6e0-cae1-4132-aeab-1f0db48fe8cb
Басты алаңда жиналған қалың көпшілікті аудан әкімі Мұрат Сердалин құттықтап, сөз сөйледі.

50014833-00ac-4f34-bc69-e64fc15afb2e
– Әз Наурыз баршамызды берекенің негізі бірлікке үндейді. Ендеше, ауыл-еліміздің ырыс-құты үшін атқарған еңбегіміз әманда жемісті, ұйымшылдығымыз ұтымды, жанұяларымыз бақуатты, арманымыз асқақ болсын, ағайын! – деді ол.

6b064411-0bff-4623-9386-526f749d5bd0
Осыдан соң сахнадан дәстүрлі әншілеріміз көпшілікке «Наурыз-арнауын» жолдап, балғын домбырашылар көктемнің күйін күмбірлетті.

5d80900f-96e1-4095-b317-79d2862ad485
Аудан көркемөнерпаздары сомдаған Күн мен Түн алып елімізді бірлік пен тыныштықтың тұрақты мекеніне айналсын деп тілек етсе, Жер-ана тазалық пен жаңару, амандықтың кепілі ретінде айналаны отпен аластап шықты. Ақ әжелер Наурыз-қоржыннан шашу шашты.

32d57ed0-9b75-433d-a6ee-297528cb162d

Қасиетті Қыдыр атаның батасынан соң жігіттер иықтарына көтеріп, ортаға Тайқазанды шығарды. Жеті түрлі дәм осы қазанға салынып, Наурыз көже пісіріліп, алаңдағыларға ақ пен бауырсақ таратылды.

419b28c2-f0e2-41c0-8b8e-25a06757c525

Мерекелік шарада «Назқоңыр» фольклорлық ансамблі, аудандық саз мектебінің ұжымы, «Раздолье» славян хоры, Азамат Ізтілеу, Эльмира Ермек, Венера Нұрғалиева, Әнуар Нұрғалиев, Ерке Бақтиярова, Рысбек Жанайысов, өзге де көркемөнерпаздар ән-биімен көрермендердің көңіл-хошын серпілтті.

f6f8dda4-c935-4c9f-8795-b17724102f2c
Ұлыстың Ұлы күнінің дүбірі естілгелі аудан орталығындағы мекеме, ұйымдарда тұрғындардың қатысуымен шырайлы шаралар ұйымдастырылды. Соның бәрі түптеп келгенде, әлеуметті еңбекке, ортақ мақсатқа жұмылдыру шақырды.

60755240-75ce-49ef-9387-f1b045d69dd7

Сондықтан Чапаевтағы салтанатта ғимараттарын үздік безендірген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім бөлімінің ұжымдары естелік сыйлықтармен көтермеленіп, «Батамен ел көгерер» республикалық байқауының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға атсалысқаны үшін «Ауыл» партиясының БҚО бойынша өңірлік филиалы төрағасының Алғыс хатымен еңбек ардагерлері Құрмен Бисеғалиев пен Алдаберген Сәрсеков марапатталды.

99f27ab7-fb30-425c-aa7c-2ccc6b95a829

Наурыз мерекесін ұйымдастырған мекемелер арасындағы үздіктер, ұршық иіруде алдына жан салмаған шеберлерге де сый-тарту табысталды.

Әлия Шарапиева
Суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале