4.08.2025, 20:00
Оқылды: 769

Ақжайық ауданында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді

Чапаев ауылының Жұбан көшесі тұрғындары үшін үлкен қуанышты оқиға орын алды. Қуанышты деген себебі – аудан орталығының шетқары орналасқан бұл көшесінде тұрғындар, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне арналған шағын футбол алаңы ел игілігіне берілді.

IMG_3066

Көлемі 18×36 метр болатын бұл заманауи спорт нысанын «Гарантстрой» ЖШС салған. Жергілікті бюджеттен салынған алаңның құны – 16 млн. теңге. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

IMG_3093

– Бүгін көше тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Бұл жерде бүлдіршіндеріміз бос уақытын пайдамен өткізіп, спортта шынығады. Мемлекет тарапынан бұқаралық спортты дамытуға, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау – басты мақсат. Бұл алаң сол бағыттағы игі істердің жалғасы, – деді ол өз сөзінде.

IMG_3033

Осыдан кейін Зәйлім Исатайқызы мен еңбек ардагері Мақсот Қоңырбаев жаңа нысанның лентасын қиды.  Жаңа алаңның ашылуынан кейін ауыл жастары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале